17 қаңтарда өткен баспасөз конференциясында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сулейменов «инфляциялық қысымды төмендету және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында» жүзеге асырылатын шаралар туралы айтып берді.
«Ұлттық банк өз қызметі шеңберінде мемлекетке отандық алтын өндіруші кәсіпорындардан алтын сатып алу бойынша басымдықты құқықты жүзеге асырады. Бұл шара халықаралық резервтерді нығайту және экономиканың сыртқы шоктарға төзімділігін арттыруға бағытталған. Мұндай саясат табысты болды және резервтердің көлемін $45,8 миллиардқа, соның ішінде алтынды $23,8 миллиардқа дейін арттыруға мүмкіндік берді. Алайда, бұл операциялар теңге эмиссиясы есебінен қаржыландырылып, экономикадағы ақша мөлшерін арттырады, бұл, әрине, инфляцияға әсер етеді», — деді Ұлттық банк басшысы.
Спикер 2024 жылы Ұлттық банкте «алтын сатып алу бойынша монетарлық бейтараптыққа көшу» туралы «белсенді дискуссия» жүргізілгенін айтты — «осындай әсерді минимизациялау үшін».
«Осы дискуссиялар мен талдау нәтижесінде біз алтын сатып алумен байланысты операцияларды айналдыру аясында доллар сатуына кірісеміз», — деді Сулейменов. — «Бұл операциялар валюталық интервенциялар емес екенін атап өтемін. Олардың негізгі міндеті — экономикадағы артық ақша мөлшерін қысқарту және инфляция деңгейін 5% мақсатты деңгейіне жеткізу. Сонымен қатар, бұл шаралар ішкі нарықта валюта ұсынысын арттырып, ішкі валюталық нарықтың теңгерімділігін қамтамасыз етуге көмектеседі».