жұма31 қаңтар 2025
nurtoday.com

Halyk кәсіпкерлер үшін автокасса жүйесін жетілдірді.

Енді Halyk банкінің бизнес-клиенттері автокасса арқылы қаражатты тезірек шығарып, толықтыра алады, деп хабарлады банк.
Halyk обновил автокассы, предлагая новые возможности для предпринимателей.

Өткен жылдан бастап Қазақстанның басты банкі еліміздің барлық бөлімшелері мен филиалдарында автокассаларды ауыстыру бойынша ауқымды жобаны бастады. Жаңа құрылғылар тек технологиялық жаңарту ғана емес, сонымен қатар Halyk-тің кәсіпкерлерге арналған Onlinebank қызметінде клиенттерге ыңғайлы және сенімді қызмет көрсетуді қамтамасыз етудің маңызды қадамы болып табылады.

"Біз қызметтерімізді барынша ыңғайлы және жылдам етуге тырысамыз. Жаңа құрылғылардың арқасында клиенттер өз шотынан ақша аударып немесе шешіп алуды бірден жүзеге асыра алады. Автокассалар кезексіз жұмыс істейді және шотты оңай толтыруға немесе қолма-қол ақша шешіп алуға мүмкіндік береді. Біз бұл өзгерістер клиенттердің жолын жеңілдетіп, жағымды етуіне сенімдіміз", - деп жоба маңыздылығы туралы МСБ бөлімінің қызмет көрсету және сату департаментінің директоры Ермек Жолмагамбетов айтып өтті.

Кәсіпкерлер QR-код арқылы қаражат ала алады, кассалық ордерді толтыру қажеттілігі жоқ. Сонымен қатар, заңды тұлғалар үшін Onlinebank арқылы өтінімдер рәсімдеуге болады, бұл клиенттерді бөлімшеге барудан босатады. Halyk өкілдері банк клиенттері жаңа мүмкіндіктерге ие болып, жылдамдық пен ыңғайлылықтағы айырмашылықты сезінеді деген сенімде.

"Құрылғылардың жоғары сенімділігі олардың ең жүктелген сағаттарда да үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Жаңартылған бағдарламалық қамтамасыз ету ақаулардың тәуекелдерін азайтады және қызмет көрсетуді жеңілдетеді. Ал жетілдірілген архитектура транзакцияларды жылдам өңдеуге мүмкіндік береді және бүкіл процесті ыңғайлы етеді", - деп құрылғылардың сенімділігі туралы Halyk операциялық департаментінің директоры Светлана Ищанова баяндады.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың қыркүйек айының соңында Halyk заңды тұлғалардың депозиттерінің үлесі бойынша барлық БВУ арасында 1-орынды иеленеді (мерзімді депозиттер мен ағымдағы шоттарды қоса алғанда). Ал өткен жылдың шілде айында Halyk-тің Onlinebank қосымшасы Қазақстандағы бизнес үшін мобильді банктер арасында Business Mobile Banking 2024 зерттеуі бойынша жетекші болды, бұл авторитетті ақпараттық-аналитикалық агенттік SME Banking Agency жүргізген зерттеу.

*Банктік және басқа да операцияларды жүргізу және бағалы қағаздар нарығында қызмет көрсету лицензиясы № 1.2.47/230/38/1 2023 жылдың 23 маусымында Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен берілген