Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, әлемдегі ең ұзын жылдам автомобиль тоннелі Тяньшань Шэнли дүйсенбі күні Қытайдың солтүстік-батысындағы Синьцзян-Уйгур автономиялық ауданында аяқталды, деп хабарлайды Kazpravda.kz РИА Новости сілтеме жасап.
Тоннельдің ұзындығы 22,13 шақырымды құрайды және пайдалануға берілгеннен кейін Тяньшань тауларының орталық бөлігіндегі сапар уақытын бірнеше сағаттан шамамен 20 минутқа дейін қысқартады. Тоннель автономиялық ауданды солтүстік және оңтүстік бөліктерімен байланыстырады.
Агенттіктің нақтылауынша, жолдағы қозғалыс 2025 жылы толық ашылады. Солтүстіктегі Урумчи әкімшілік орталығы мен оңтүстіктегі Лопнур уезі арасындағы сапар уақыты шамамен жеті сағаттан үш сағаттан сәл артық уақытқа дейін қысқарады.