Биыл наурызға дейін Қарағандыдағы барлық жол қозғалысы «Ақылды бағдаршам» жүйесіне көшеді, деп хабарлайды Kazpravda.kz «Патриот» Telegram-арнасына сілтеме жасап
Қарағанды полиция басқармасының бастығы Шахназар Салиннің айтуынша, өңірде 200 мыңнан астам автокөлік тіркелген, және жыл сайын олардың саны артып келеді.
Жаңа жүйе трафикті жақсартып, жол кептелістерін азайтуға көмектеседі деп күтілуде, бұл автокөлік иелерінің жасыл сигналды күтетін уақытын қысқартады.
Қарағанды әкімі Мейрам Кожухов пиковый уақытта жолдарды жеңілдетуге жасанды интеллект көмектесетінін түсіндірді.
«Қазіргі таңда жасанды интеллект енгізілді. Қазір қалған бағдаршамдарға соңғы жабдықтар келуде, баптау жүріп жатыр. Біз қазірдің өзінде жетінші магистраль мен Таттимбет көшесі бойынша баптауды жасадық. Бухар-жырау даңғылын да баптап жатырмыз», – деді ол.