Алматыда бүгін бұлтты ауа-райы болжануда, жауын-шашын болмайды. Термометр күндіз 0-ден -2 градусқа дейін көрсетеді, түнде температура -5...-7 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстік астанада желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр болады.
Астанада да бүгін жауын-шашын күтілмейді. Күндіз термометрлер -5...-7 градусқа дейін көтерілсе, түнде астанада температура -15...-17 градусқа дейін суытады. Желдің жылдамдығы 3-8 метр секундына жетеді.
Шымкентте күн ашық, жауын-шашынсыз ауа-райы болжануда. Күндіз ауа температурасы +4...+6 градусқа дейін көтеріледі, түнде температура -5...-7 градусқа төмендейді. Желдің жылдамдығы 5-10 метр секундына болады.