Қазақ файтері Ильяс Хамзин америкалық Karate Combat лигасындағы екінші жекпе-жегіне салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Sports.kz.
Хамзиннің қарсыласы америкалық файтер Дуайт Грант болады, ол бұған дейін UFC-де өнер көрсеткен. Жекпе-жектен бұрын Ильяс салмақ өлшеу кезінде 84 килограмды көрсетті және белгіленген лимитке сай келді.
Ильяс Хамзин мен Дуайт Грант арасындағы жекпе-жек 1 наурыз күні таңертең Денверде (АҚШ, Колорадо штаты) Karate Combat 53 турнирі аясында өтеді. Естеріңізге сала кетейік, қазақ файтерінің осы лигадағы дебюті бір ай бұрын өтті және ол сәтсіз болды: Хамзин бразилиялық Лукас Мартинспен (22-7) жекпе-жекте тыйым салынған соққылар үшін дисквалификацияға ұшырады.
Бұл жарияланымды Instagram-да қарауЖарияланым БК «Архангел Михаил»-дан (@archangl_michael)