Кездесу барысында П.Феррингпен екіжақты сауда және инвестициялар саласындағы оң динамика атап өтілді. Сонымен қатар, Люксембургтің Қазақстан экономикасындағы маңызды инвесторлардың бірі ретіндегі рөлі ерекше атап көрсетілді.
Люксембург дипломаты еліміздің Орталық Азиядағы маңызды рөлін атап өтіп, ҚР экономикасының көлік, жасыл энергетика және басқа салалардағы жоғары әлеуетін ерекше атап өтті. П.Ферринг Люксембургтің екі елдің шаруашылық субъектілері арасындағы өзара тиімді қатынастарды кеңейтуге деген қызығушылығын ерекше айтты.
Люксембургтің Мәдениет министрлігі мен Туризм министрлігінің өкілдерімен кездесуде Қазақстан мен Люксембургте мәдени іс-шараларды өзара ұйымдастыру мүмкіндіктері, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастық талқыланды. Цифрландыру, MICE, белсенді туризм және басқа да салалардағы бірлескен бастамаларды жүзеге асыру мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Люксембург тарапынан мәдениет және туризм саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға қызығушылық білдірілді, сондай-ақ қазақстан-люксембургтік іс-шараларды ұйымдастыруда көмек көрсетуге дайындық білдірілді.
Т.Теннинамен әңгіме екі ел арасындағы парламенттік ынтымақтастықты нығайтуға арналды. Екі ел парламентшілерінің сапарларымен алмасу мәселесін пысықтау жөнінде келісімге қол жеткізілді.
2024 жылдың 9 айында Люксембургтан Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 472,3 миллион АҚШ долларына жетті.