Бэйдайхэ (Қытай) қаласында Дүниежүзілік кубок бойынша фристайл-могулдың кезеңі аяқталды, — Қазақстан құрамасы оған жүлделі орындармен шыға алмады, деп хабарлайды Sports.kz Olympic.kz сілтемесі арқылы.
Могулда Павел Колмаков он бесінші орынды алды. Фёдор Бугаков 40-шы, Антон Бондарев 42-ші болып финишледі.
Әйелдер арасында Анастасия Городко алтыншы орынға шықты. Юлия Галышева сегізінші нәтижені көрсетті.
Параллельді могулда Колмаков үздік ондыққа енді, жетінші орын алды. Бугаков 36-шы, ал Бондарев 44-ші болды.
Городко 1/4 финалға жетіп, ЭКМ-ді жетінші орында аяқтады. Галышева 13-ші болды.