«Өкінішке орай, орын алған теріс тәжірибе, орындаушы жазбалар жазбаша борышты мойындаусыз және борышкердің тұрғылықты жерінде емес, жүргізілген. Мұны адал емес нотариустар МҚҰ, коллекторлық компаниялар және жеке сот орындаушыларымен келісім бойынша жасады», – деді Сарсембаев.
Орындаушы жазба – бұл жеке сот орындаушысына борышкердің қарызын сотқа жүгінбей өндіріп алуына мүмкіндік беретін құрал. Ол борыштың бар екенін растайтын құжаттарға негізделіп нотариуспен жасалады.
Орындаушы жазбамен байланысты проблемаларды шешу үшін, Әділет министрлігі ұсынып отыр:
- биометриялық сәйкестендіруді пайдалана отырып, «Е-нотариат» жүйесінде «Тараптардың жеке кабинетін» құру;
- «Жеке кабинет» арқылы қарсылықтар немесе борышты өтеу мүмкіндігін беру;
- жазбаша келісімдер бойынша орындаушы жазбаларды автоматты түрде бөлу арқылы өндіріп алушы мен жеке сот орындаушысы арасындағы байланыстылықты жою;
- территориялылықты бақылау – нотариустарға басқа өңірлердегі борышкерлерге қатысты орындаушы жазбаларды жасауға тыйым салу.
Орындаушы жазбаның жүзеге асырылғаны туралы тараптарды хабардар ететін SMS-хабарламалар пилоттық жобасы іске қосылды. Бұл борышкерлерге қарыздарын уақытында біліп, өтеуге көмектеседі.
2024 жылы ведомствоға қарызды мәжбүрлі өндіріп алу бойынша 89 мың шағым келіп түсті.