"Жалпы, мас күйінде көлік жүргізетін жүргізушілердің саны азайып жатыр деп айта алмаймын. Олар бұрынғыдай жүріп жатыр, әрі жалғастыруда. Жауапкершілік мәселесіне қатысты - бүгінгі таңда бізге көптеп осындай өтініштер түсуде (жазаны жеңілдету туралы - ред.).
Жыл басынан бері Ішкі істер министрлігіне 7,5 мың өтініш келіп түсті, олар жазаны жеңілдету немесе амнистия жариялау туралы. Бірақ, Ішкі істер министрлігінің позициясы бойынша - біз амнистия жариялауға және мас күйінде көлік жүргізу үшін жауапкершілікті жеңілдетуге үзілді-кесілді қарсымыз", - деді ҚР Ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.
Ол әлеуметтік желілерде "мас күйінде көлік жүргізу жазасын жеңілдету керек пе?" деген сауалға дауыс беру жүргізілгенін атап өтті.
"Жазаны жеңілдету болмайды. Әлеуметтік желілерде халық арасында сауалнама жүргізілді - жеңілдету керек пе, жоқ па. Сауалнамаға шамамен 7 мың адам қатысып, көпшілігі жеңілдетуге қарсы дауыс берді.
Біз әртүрлі елдердің тәжірибесін зерттедік - Жапония, Сингапур, Малайзия, Сауд Арабиясы, АҚШ және т.б. Онда заңдар біздікінен әлдеқайда қатаң. Мысалы, Жапонияда жүргізушіден басқа, отбасылық мүшелер де жауапкершілікке тартылады. Сондықтан мен мұнда жауапкершілік деңгейінің пропорционалды екенін есептеймін" , - деп қосты Ішкі істер министрлігінің өкілі.
Бұған дейін мәжіліс депутаты Николай Арсютин мәжіліс отырысында Қазақстандағы "мас күйінде" көлік жүргізу үшін 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру практикасына сын айтып, жазаны жеңілдету ұсынысымен шықты.
Кейін сенат кулуарында депутат және бұрынғы ішкі істер министрінің орынбасары Қазақстандағы мас күйінде көлік жүргізу жазасын жеңілдету мүмкіндігі туралы пікір білдірді.
Еске сала кетейік, өткен жылы Қазақстан автолюбителерінің бір тобы мас күйінде көлік жүргізу жазасын жеңілдетуді талап етіп, осыған қатысты петиция жасаған болатын. Автордың айтуынша, осы бастама айналасында еліміздің барлық аймағынан көптеген жүргізушілер бірікті. Ішкі істер министрлігі сол кезде автокөлік жүргізушілеріне жеңілдік жасауға дайын ба екендіктерін сұраған.
Кейін Ішкі істер министрлігі бұл ұсынысқа жауап беріп, жазаны қайта қарауға қажеттілік көрмейтіндерін және оны "адекватты" деп санайтындарын айтты.
Айта кетейік, мас күйінде көлік жүргізу үшін жауапкершілік ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 608-бабымен қарастырылған.
Осы баптың 1-бөліміне сәйкес, алкогольдік, есірткілік және (немесе) токсикомандық мас күйінде көлік құралын жүргізу немесе оны мас күйіндегі тұлғаға басқаруға беру әкімшілік 15 тәулікке қамаққа алу және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруды көздейді.
Егер мас күйінде көлік жүргізу зардап шегушінің денсаулығына зиян келтірсе, бірақ қылмыстық жауапкершілік белгілері болмаса, кінәлі адам 20 тәулікке қамаққа алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылады.
Қайталанған құқық бұзушылық үшін жүргізуші 25 тәулікке қамаққа алынып, 9 жылға жүргізуші құқығынан айырылады.