Қазақстанның шайбалы хоккей федерациясының бұрынғы вице-президенті Владимир Корсунский Sports.kz-ке Тольяттидің «Лада» командасы мен астаналық «Барыс» арасындағы Континентальды хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясындағы ойын туралы пікірін білдірді.
— «Барыс» көрсетіп жатқан ойынға қарап, «Ладамен» өтетін матчта табысқа жету қиын болады. Тольятти командасы өткен выезд сериясында үш ойыннан да жеңіліп қалды және бүгін жергілікті жанкүйерлерін қуантқысы келетіні анық. Менің болжамым — «Ладаның» негізгі уақытта жеңіске жетуі, — деді маман.
Айта кетейік, ойын бүгін Тольяттиде өтеді және 20:00-де басталады.