Қазақстандық Софья Самоделкина Сеулде (Оңтүстік Корея) өткен төрт континент чемпионатында өнер көрсетуді аяқтады, деп хабарлайды Sports.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Еркін бағдарламада Самоделкина судьялардан 129,39 балл алды. Барлығы фигурист 193,37 балл жинады. Бұл нәтиже оған жетінші орын алуға мүмкіндік берді.
Алтын медальді Ким Чхэ Ён (Оңтүстік Корея) жеңіп алды - 222,38. Екінші орынды американдық Брэдди Тэннел (АҚШ) алды - 204,38. Үздік үштікті Сара Эверхард (АҚШ) - 200,03 аяқтады.
София Фарафонова 20-орында, 104,20 балл жинап аяқтады.
Естеріңізге сала кетейік, ерлер арасындағы жарыста жеке рекордтармен Қазақстандық Михаил Шайдоров жеңіске жетті.