Қазақстан Президенті өзінің телеграммасында Кувейттің саяси және экономикалық жетістіктері арқасында Таяу Шығыста және ислам әлемінде жоғары беделге ие екенін атап өтті. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Кувейт арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністікке негізделген көпқырлы ынтымақтастықтың екі халықтың игілігі үшін әрі қарай дамитынына сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мишаал аль-Ахмад аль-Джабер ас-Сабахқа жауапты қызметінде табыс тілеп, Кувейт бауырлас халқына гүлдену мен әл-ауқат тіледі.