Павлодарлық «Иртыш» Өзбекстанның «Сурхана» командасымен өтетін достық матчты оқу-жаттығу жиынында өткізуден бас тартқанын Sports.kz KazFootball.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«Матч қолайсыз ауа-райы жағдайларына байланысты өткізілмейді. Бұл шешім ойыншылардың денсаулығына деген қамқорлықпен байланысты», - деп жазады павлодарлықтардың баспасөз қызметі.