Заң Түркістан қаласының рухани, тарихи-мәдени, туристік орталық және елдің архитектуралық мұрасы ретінде ерекше статусын бекітеді.
Ақордада түсіндіргендей, құжатта мынадай мәселелер қарастырылған:
Түркістанға ерекше статус беру мәселесі өткен жылы көтерілгенін еске саламыз. Кейін Мәжіліске Түркістанға ерекше статус беруді жоспарлаған заң жобасы енгізілді. Оның ішінде қалада алкогольді ішімдіктерді пайдалануына тыйым салу жоспарланған.
Ақпан айында Сенат спикері Түркістан билігіне Өзбекстан мен Түркияның туристерді тарту тәжірибесін зерттеуді ұсынды. Ашимбаев Түркістанның туристік әлеуеті әлі толық ашылмағанын атап өтті.
Қалалық әкімдіктің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Түркістан - Орта Азия мен Қазақстанның ең көне қалаларының бірі.
"Ғылыми қызметкерлердің тарихи орындар бойынша зерттеуіне сәйкес, қытай жазбаларының мәліметтеріне қарағанда, Түркістан қаласында өмір сүргені б.з.д. II-III ғасырларда аталады. Ол кезде қала ірі мәдени және рухани орталық болған", - делінген әкімдік сайтында.
Түркістанды орта ғасырлардан бері барлық түріктердің діни орталығы немесе "кіші Мекке" деп атайды.