WBO/IBF әлем чемпионы, Қазақстаннан шыққан Жанибек Алимханулы, бокс сүйер қауымның оны осы дивизиондағы бұрынғы чемпион, әйгілі отандасы Геннадий Головкиннің ерекше «мұрагері» деп атайтынына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.
— Головкиннің қазақ стилі маған әсер етті, бірақ менде өзімнің қазақ стилім бар және мен өзімнің мұрамды қалдыруды қалаймын, — деп айтты Алимханулы Sports Illustrated-ке берген сұхбатында.
Жанибек Алимханулының рингке қайта оралуы 5 сәуірде Астанада жоспарланған, ол француз үміткері Анауэль Нгамиссенгемен кездеседі.