«Ресей Федерациясында «КУБ-М» инновациялық модульдік қорғау құрылымының сериялық өндірісі басталды. Өндірістік процесс Нижегород облысындағы Дзержинск қаласында ұйымдастырылды», — делінген ВНИИ ГОЧС сайтындағы хабарламада.
«Бункерлер» тұрғындарды жарылыстың радиация мен сәулелену секілді салдарларынан қорғауға тиіс.
«Модульдік баспананың сериялық өндірісінің басталуы азаматтардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Болашақта осындай әзірлемелер халықты қорғаудың жаңа тиімді жүйелерінің құрылуына әкеледі», — деп хабарлады ВНИИ ГОЧС.
«КУБ-М» баспаналарының көрінісі. Олар 54 адамға арналған бөлмеден және техникалық бөлмеден тұрады. ВНИИ-да қажет болған жағдайда, басқа модульдер қосу арқылы одан да көп адамды орналастыруға болатынын нақтылады.
««КУБ-М» құрылымының басқа азаматтық қорғаныс құрылымдарына қарағанда басты артықшылығы — мобильділігі. Қажет болған жағдайда, оны автомобиль немесе теміржол көлігімен жаңа орынға тасымалдап, бар инженерлік желілерге қосуға болады», — деп жазады институт.
ВНИИ-да мұндай баспананың стационарлық бункерге қарағанда екі есе арзан тұратынын және оны үш айда салуға болатынын қосты.
Бұған дейін «Курсив» жазған болатын, АҚШ президенті Джо Байден Украинаға Ресейдің тереңдігіне соққы жасау үшін ATACMS зымырандарын пайдалануға рұқсат берді. Қазақстандық саясаттанушы Данияр Ашимбаев мұндай әрекет Ресей тарапынан батыс әкімшілік нүктелеріне ядролық соққы жасауға себеп болуы мүмкін деп есептейді. Басқа саясаттанушы Газиз Абишев Байденнің рұсаты ядролық жарылысқа әкеп соғады дегенге күмәнданады.