Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылға арналған қорғаныс ведомствосының қызметінің қорытындылары туралы баяндаманы тыңдады.
Мемлекет басшысы армияның әскери дайындық жағдайы мен әскерлерді даярлаудың жаңа тәсілдері туралы ақпарат алды.
Руслан Жақсылықов мемлекеттік қорғаныс тапсырысының орындалуы, әлеуметтік және идеологиялық жұмыстар, сондай-ақ әскери инфрақұрылымды дамытудың барысы туралы баяндады.
Кездесудің нәтижесінде Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев министрге армияның әскери әлеуетін арттыру, басқару процестерін одан әрі цифрландыру, Арнайы операциялар күштерін дамыту, әлеуметтік және идеологиялық жұмыстарды күшейту жөнінде нақты міндеттер жүктеді.