жұма31 қаңтар 2025
nurtoday.com

Қазақстан мен Австрия ынтымақтастықты нығайтуда.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қазақстандағы дипломатиялық қызметінің басталуына орай Австрия Республикасының Елшісі Андреа Бахерді қабылдады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Казахстан и Австрия усиливают свое партнерство.

Кездесу барысында қазақ-австриялық ынтымақтастықтың саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазіргі жағдайы мен даму перспективалары талқыланды.

Тараптар қазақ-австриялық Үкіметаралық комиссияның экономикалық, ауыл шаруашылығы, экологиялық, өнеркәсіптік, техникалық және технологиялық ынтымақтастықтағы маңызды рөлін, сондай-ақ бизнес кеңесінің екі елдің бизнес орталықтары арасындағы өзара тиімді серіктестікті кеңейту мен байланыстарды нығайту контекстіндегі рөлін атап өтті.

Кездесуді қорытындылай келе, министр М. Нуртлеу Австрия елшісіне Қазақстандағы қызметінде сәттілік тіледі.