Кездесуде Қазақстан мен Экваториальды Гвинея арасындағы азаматтық авиация саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері және ИКАО алаңындағы өзара әрекеттесу мәселелері талқыланды.
Эстанислау Эсоно Ангесомо ИКАО алаңындағы өз миссиясының міндеттері мен басым бағыттары туралы қысқаша айтып берді, соның ішінде Ұйым Кеңесінде және Авиацияны қалпына келтіру жөніндегі Кеңес Топында жұмыс. Ол сондай-ақ, оның елінен басқа 11 елді қамтитын Орталық Африка субрегионалдық тобының қызметі туралы хабарлады: Ангола, Бурунди, Габон, Конго Демократиялық Республикасы, Камерун, Конго, Руанда, Сан-Томе және Принсипи, Орталық Африка Республикасы және Чад, олар ИКАО Кеңесіне ротация тәртібімен қатысады.
Экваториальды Гвинеяның өкілі Қазақстанның ИКАО-да Тұрақты өкілдік ашу туралы шешімін құптады, бұл оның айтуынша, ИКАО стандарттарына сәйкестікті арттыру, әуе көлігінің қолжетімділігін қамтамасыз ету және туризмді дамыту бағытында Ұйыммен өзара әрекеттестікті нығайтуға көмектеседі.
Өз тарапынан Тимур Тлегенов сұхбаттасын ҚР азаматтық авиация саласының қазіргі жағдайы мен одан әрі даму жоспарлары, жаңа рейстерді ашу, ұшулар қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік бойынша ИКАО стандарттарына сәйкестікті арттыру туралы хабардар етті.