Кездесу барысында қала басшысы Алеош Бржанмен экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту бойынша пікір алмасу өтті. ҚР елшісі Копера басшылығына МСБ-ға қолдау көрсету шаралары, АГП-ны дамыту, көлік инфрақұрылымын модернизациялау, цифрлық технологияларды енгізу, Қазақстан экономикасының басым секторларында инвесторларға жеңілдіктер мен субсидиялар беру туралы ақпарат берді. Сондай-ақ, тараптар Ақтау және Копер қалалары арасында бауырлас байланыстар туралы келісімді жасау мүмкіндіктерін талқылады.
Жерорта теңізінің ең ірі контейнерлік порты «Лука Копер» мен өңірдің Сауда-өнеркәсіп палатасының басшылығымен кездесулер барысында Қазақстанның транзиттік-көлік мүмкіндіктері, шетелдік инвесторларға мемлекеттік қолдау шаралары, бизнес ынтымақтастық үшін перспективалы бағыттар таныстырылды.
Д.Сарекенов «Лука Копер» портының басшылығын Транскаспий халықаралық көлік маршруты Ассоциациясына қосылуға шақырды, ал өңірдің компанияларын Орталық Азиядағы ең ірі IT-стартаптар технопаркі «Astana Hub»-пен ынтымақтастыққа шақырды.
Сұхбаттастар сондай-ақ, екіжақты сауда-экономикалық өзара әрекеттестікте логистика, транспорт және туризм салаларында тиімді ынтымақтастық үшін елеулі әлеует бар екенін атап өтті.