Түрік Республикасында Қазақстан делегациясы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Хусаиновтың жетекшілігімен болды.
Қазақстан мен Түркияның қорғаныс ведомстволарының өкілдері кезекті штабтық келіссөздер жүргізіп, 2025 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарын қабылдады.
Қазақстан тарапынан құжатты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Хусаинов қол қойды. Түрік тарапынан – оның әріптесі бригадалық генерал Чатал Ердоған.
Полковник О. Хусаиновтың айтуынша, екіжақты кездесуде әскери білім мен ғылым, бітімгерлік қызмет, әскери және медициналық даярлық саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Жоспарда жоғары деңгейде сапар алмасу да қарастырылған.