Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Кипр Республикасының Елшісі Петрос Накузисті Қазақстандағы дипломатиялық қызметінің басталуымен құттықтады.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Кипр арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті аспектілерін, сондай-ақ екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары арасында бұрын қол жеткізілген келісімдердің жүзеге асырылуын талқылады.
Екі елдің Астанада және Никосияда дипломатиялық миссияларын өзара ашудың маңыздылығы атап өтілді. Бұл қадамның екіжақты ынтымақтастықтың барлық спектрі бойынша одан әрі дамуына ықпал ететіні жөнінде ортақ пікір білдірілді.
Кездесуді қорытындылай келе, министр М.Нұртілеу Кипр Елшісіне Қазақстандағы қызметінде табыс тіледі.