Қазақстан Республикасының Оман Султанатындағы елшісі Айдарбек Туматов Оман Султаны Хайсам бин Тарикке сенім грамоталарын тапсырды.
Кездесу барысында Қазақстан мен Оман арасындағы байланыстарды одан әрі нығайту мәселелері талқыланды. Тараптар сауда-экономикалық саладағы ынтымақтастықты арттыруға, атап айтқанда Омандағы транзиттік-көлік әлеуетін тиімді пайдалану арқылы қазақстандық өнімдерді Парсы шығанағы елдеріне және басқа өңірлерге жеткізуді қамтамасыз етуге ерекше назар аударды.
А. Туматов Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Оман Султанын Қазақстанға кез келген ыңғайлы уақытта келуге шақырғанын тағы да растады.