Көрме еліміздің мәдениетін, инновацияларын және экологиялық жобаларын көрсетеді. Кеңістік этникалық стильде табиғи материалдарды қолдану арқылы безендірілген, бұл дәстүрлер мен экологиялық тәсілдерге адалдықты айқындайды.
Президентке Hyrasia One жасыл сутек өндіретін болашақ зауытының макеті ұсынылды.
Содан кейін Мемлекет басшысына суретші Гульфия Мельдештің жасаған авторлық сайғақ мүсіндері, сондай-ақ отандық экологиялық өнімдер таныстырылды.
Павильонға келушілер Қазақстанның биоалуантүрлілігімен танысып, мемлекет тарапынан туран жолбарысы, Пржевальский жылқысы, сайғақтар және қар барыстары сияқты сирек және жойылып бара жатқан жануарлар түрлерін қайта енгізу бойынша қабылданып жатқан шаралармен таныса алады.