Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының атынан және жеке өз атынан Хайсам бен Тарик Аль Саидті және оның отандастарын Оман Султанатының Ұлттық күнімен құттықтады.
Телеграммада Мемлекет басшысы Оманның араб әлеміндегі Қазақстанның сенімді серіктесі екенін атап өтті. Президент екіжақты қатынастардың екі халықтың игілігі үшін әрі қарай дамитынына сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Хайсам бен Тарик Аль Саидке жауапты қызметінде және барлық бастамаларын жүзеге асыруда табыс тіледі, ал Оман халқына – бақ-береке мен өркендеу тілейді.