Мемлекет басшысы Үндістанның демократияны дамытудағы елеулі жетістіктері мен әлеуметтік-экономикалық және технологиялық салалардағы табыстарын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модиге достас халықтың игілігі мен гүлденуі үшін жауапты мемлекеттік қызметте одан әрі табыс тіледі.
Қазақстан-Үндістан қатынастарының достық және стратегиялық серіктестікке негізделген ерекше сипатын атап өтіп, Президент екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастықтың одан әрі нығайтылатынына сенім білдірді.