2025 жылдың 23 қаңтарында Женевада (Швейцария) Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ерлан Сарсембаев Бүкіләлемдік зияткерлік меншік ұйымының (БЗМҰ) Бас директорының орынбасары Хасан Клейбпен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар зияткерлік меншікті дамыту саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады.
Министр БЗМҰ-пен серіктестік Қазақстан үшін стратегиялық басымдық екенін және ұлттық зияткерлік меншік жүйесінің және өңірдің зияткерлік әлеуетінің дамуына ықпал ететінін атап өтті. Кездесу барысында қазіргі уақыттағы жобалар мен бастамалар, соның ішінде жаңа Технологиялар мен инновацияларды қолдау орталықтарын (ТИҚО) құру, зияткерлік меншік және бизнес бойынша БЗМҰ-ның магистратура бағдарламасын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстанның заңсыз онлайн-контентпен күрес бойынша БЗМҰ ALERT жобасына қатысуы қарастырылды.
Министр Қазақстанның зияткерлік меншік саласындағы белсенді қадамдарының маңыздылығына назар аударды. Мұндай жетістіктердің қатарында 2025 жылдың 16 қаңтарында Қазақстан Парламенті тарапынан БЗМҰ-ның Марракеш келісімін ратификациялауы, бұл көру қабілеті бұзылған адамдардың жарияланған шығармаларға тең қолжетімділігін қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам болып табылады және Қазақстанның осы саладағы халықаралық стандарттарға адалдығын растайды.
Министр зияткерлік меншік саласындағы БЗМҰ-мен белсенді жұмыс істеудің арқасында Қазақстанның Глобалдық инновациялар индексіндегі позицияларын жақсартып, 81-орыннан 78-орынға көтерілгенін және бұл көрсеткішті жақсарту жұмыстарын жалғастыру ниетін білдірді.
Сондай-ақ, 2025 жылдың 29-30 мамырында Астанада өтетін Халықаралық форумға қатысу үшін БЗМҰ Бас директоры Дарен Тангтың Қазақстанға сапары сияқты бірлескен халықаралық іс-шараларды өткізу жоспарлары талқыланды. Осы форум аясында зияткерлік меншік мәселелері бойынша жеке панельдік сессия ұйымдастырылады.