46 жастағы қазақстандық маман Руслан Балтиев ҚФФ Ұлттық құрамалар департаментінің директоры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Sports.kz KazFootball.kz-ке сілтеме жасап.
Бұған дейін маман Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиевтің ассистенті және Грозныйдағы «Ахмат» клубында жұмыс істеген.
Жуырда ҚФФ Ұлттық құрамалар департаментінің директоры лауазымынан Гани Кайназаров кетті.