«Біз Словакияның „Кошице“ клубымен келіссөздер жүргізіп жатырмыз, бірақ соңғы шешім әлі қабылданған жоқ.
Сегунда клубынан қызығушылық бар ма? Иә, мұндай қызығушылық бар, бірақ жағдай әлі де ашық. Алдағы бірнеше күн шешуші болады.
Егер бәрі жоспар бойынша жүрсе, „Акритас“ оның трансфері үшін өтемақы алады», — деп атап өтті Ломидзе.
Есіңізде болсын, „Кайрат“ тәрбиеленушісі Ғалымжан Кенжебек 2024 жылдың тамызынан бастап Кипрдің „Акритас Хлоракас“ клубында ойнайды. Өткен жылы 21 жастағы шабуылшы Қазақстан ұлттық құрамасында Австриямен өткен матчта дебют жасады.