Соңғы үш айда «Әлеуметтік әмиян» жобасы аясында электронды дәрі-дәрмектерді беру барысында пациенттер QR-код арқылы 1,7 миллион рецепт негізінде препараттарды алды, оған республика бойынша 700-ден астам медициналық ұйым қатысуда.
«Әлеуметтік әмиянды» пайдалану азаматтарды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету саласында қолжетімділік пен толық ашықтықты қамтамасыз етіп, заңсыз айналымды, жалғандықты және басқа да бұзушылықтарды жоюға жағдай жасайды.
Амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету аясында препарат алатын адамдар, соның ішінде созылмалы аурулары бар тұлғалар, енді дәрігерге жазылу үшін қағаз рецепт алу үшін уақыт жұмсаудың қажеті жоқ, медбике кезексіз тағайындалған дәріні өзі беруге құқылы.
Зейнеткерлер немесе «Әлеуметтік әмиян» мемлекеттік қызметін пайдалана алмайтын басқа тұлғалар үшін емханаға келген кезде Face-ID және веб-камера арқылы идентификациядан өту жеткілікті, содан кейін қажетті дәрі-дәрмектер пациентке қолына беріледі.
Электронды дәрі-дәрмектерді беру жобасы республика көлемінде 1,7 миллион адамды қамти отырып, тегін амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету аясында жүзеге асырылуда.