Қазақстанның IT-қызметтер экспорты $470 млн-нан асты. 2024 жылдың 9 айында ел IT-қызметтерді $471 млн-ға экспорттады. Бұл туралы үкімет отырысында Цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев хабарлады, деп жазады Kazpravda.kz үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оның айтуынша, бұл көрсеткіш 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 26%-ға көп.
Дегенмен, 2024 жылдың жалпы қорытындысы бойынша да әсерлі көрсеткіштер күтілуде. Ведомствоның болжамы бойынша, IT-қызметтер экспорты шамамен $700 млн-ды құрауы мүмкін.
«Қазақстанның IT-экспортының дамуына Astana Hub маңызды рөл атқарады. Онда резиденттердің саны 1,5 мыңнан астам компанияны құрайды, оның ішінде 400-ден астамы халықаралық. Олардың жалпы табысы 2024 жылы 620 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар, экспорттан алынған кіріс – 227 млрд теңге, яғни $479 млн. Astana Hub резиденттерінің экспорт географиясы 90-нан астам елді қамтиды. Astana Hub резиденттерінен басқа, алғаш рет GovTech өнімдері «Ұлттық Ақпараттық Технологиялар» АҚ экспортқа шықты», – деп атап өтті министр.
Осылайша, Smart Data Ukimet, Smart Bridge және веб-сайттар конструкторы ЕПИР сияқты шешімдер ұсынылды, деді ол.