Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мәліметтері бойынша, 44 мемлекеттік орган жаңа форматта мемлекеттік қызметке қабылдау жүргізуде, деп хабарлайды Kazpravda.kz
Айтылғандай, іріктеу жүйесі барынша ашық, оңайлатылған және қолжетімді. Оған қатысу үшін eQyzmet ақпараттық жүйесіне тіркелу қажет.
Іріктеудің кезеңдерін қашықтан өтуге болады. Іріктеуден қалай өтуге болатыны туралы біздің видеода толығырақ.