Мұндай үйлерді құру Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансформациялау аясында қарастырылған.
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік қызметтер департаментінің директоры Сырым Наси қазіргі уақытта Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Түркістан облыстарында, сондай-ақ Астана және Шымкент қалаларында шағын сыйымдылығы бар үйлер бар екенін айтты.
«Жалпы, орталықтар 130 орынға арналған және қызмет алушылардың тұратын жеріне жақын орналасқан, олар 8 түрлі арнайы әлеуметтік қызмет көрсетеді: әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық», - деді ол.
Мүгедектігі бар балалар үшін алғашқы шағын сыйымдылығы бар үй 2023 жылдың 4 шілдесінде Қарағандыда ашылды. 2023 жылдың 29 тамызында осындай орталықтар Көкшетау мен Шымкентте ашылды, ал 2024 жылдың 1 қыркүйегінде – Астанада. Болашақта шағын сыйымдылығы бар үйлер Қазақстанның барлық өңірлерінде ашылады деп жоспарлануда.