Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік медаль туралы» атты үкімет қаулысының жобасын әзірледі.
«Нормативтік құқықтық акт Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен басқа да қатысушыларды салтанатты түрде құрметтеу мақсатында әзірленді. Жарлық жобасында «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалі бекітіліп, наградтау ережелері мен медальдің сипаттамасы белгіленеді», – делінген хабарламада.
Үкімет қаулысының жобасының толық мәтіні «электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде 2025 жылдың 29 қаңтарына дейін танысуға болады.