Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы ұйымдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Kazpravda.kz мемлекеттік органның баспасөз қызметіне сілтеме жасап
Банктік қызметтерді заңсыз есірткі айналымы мен цифрлық активтер саласында пайдалану тәуекелдерін азайту мақсатында ішкі бақылау ережелеріне төмендегідей түзетулер енгізілгені хабарланды:
- мемлекет қаржылық мониторингті жүзеге асыратын органмен бекітілген қылмыстық кірістерді заңдастыру (ақша жуу) және терроризмді қаржыландырудың типологиялары, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін операцияларды автоматты түрде анықтау бойынша банктерге талаптар белгіленді, олар:
1) заңсыз есірткі өндіру, айналым және (немесе) транзит;
2) халықаралық қаржы орталығы «Астана» қатысушылары болып табылмайтын цифрлық активтер биржаларына ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру, олардың тізімі уәкілетті органмен қалыптастырылады;
3) электронды казино және интернет-казиноға ақша төлемдері мен (немесе) аударымдарын жүзеге асыру.
- Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар үшін төлем карточкаларының қолдану мерзіміне 12 айлық шектеулер енгізілді;
- бір клиентке арналған төлем карточкаларының саны қысқартылды.